Әлеумет 02.09.2019 сағат 10:50

«Мұсылманға жайынды жеуге болмайды»: бұған қатысты дәстүрлі Ислам дінінің пәтуәсі қандай?

Ханафиден басқа үш мазһабта теңіз жануарларының барлық түрін жеуге болады. Ал Ханафиде балық түрінде болмаған ешбір теңіз жануарын жеуге болмайды.
«Мұсылманға жайынды жеуге болмайды»: бұған қатысты дәстүрлі Ислам дінінің пәтуәсі қандай?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінде көпшілік арасында «мұсылманға жайын, шортан және жылан балықты жеуге болмайды екен» деген үзілді-кесілді пікір айтылып жүр. Ал шын мәнінде дәстүрлі Ислам діні балықтың бұл түрлерін азық етуге тыйым салмаған.

Мәселен, Ханафиден басқа үш мазһабта теңіз жануарларының барлық түрін жеуге болады. Ал Ханафиде балық түрінде болмаған ешбір теңіз жануарын жеуге болмайды. Атап айтқанда, олар – сегізаяқ, кальмар, сия балығы, атбас балық (морской конек), морж, медуза, итбалық сынды жануарлар және краб, мидия, устрица, омар, шаян, креветка, теңіз ұлуы сынды жәндіктер. Арқан балық (лосось), камбала, дельфин, акула және жылан балығын жеуге болады.

Енді жайынның жайын айтсақ, сахаба Абдулла ибн Аббастың: «Жайынды (арабшасы әл-жәрии) яхуди дініндегілер жемейді. Ал біз жейміз», – дегені хадис кітаптарында келтірілген. Егер Сіз яхуди дінінде болсаңыз, жемей-ақ қойыңыз!

Осы орайда айта кетер бір жайт, «жайын өлексені және адамды жейді екен», «тоқты-торпақтарды құйрығымен бір ұрып құлатып, су түбіне алып кетіпті» деген сөздер – жай ғана қауесет. Біріншіден, оның тісі – қолтырауын, акуланікіндей ірі емес, ұсақ тіс. Екіншіден, жайын азығын жылан сияқты бітеулей жұта салмайды, шайнап жейді. Сондықтан тұщы өзен-көлдерде өмір сүретін бұл балық жемтігінің көп бөлігін кәдімгі балықтар, бақалар, былқылдақденелілер құрайды. Кейде суда жүзетін құстарды да талғажау етеді. Шортан, нәлім, жылан балық, көксерке және алабұға сынды жыртқыш балықтармен бірдей қоректенеді. Асқазанына тоқты-торпақ тұрмақ, қозы да сыймайды.

Рас, жайын – тез өсетін, ұзындығы 5 метрге, салмағы 300 келіге дейін жететін алып балық. Алайда, оның дене-тұрқына қарап, адам жұтатын, малға шабатын қолтырауын тектес етіп қоюға болмайды. Ауылдық жерлерде сондай «аңыздар» білместікпен айтылып жүр. Қорқақ болмаса, су түбіндегі водолаздар баяу қимылдайтын дәу жайындармен бірге жүзе береді.

«Құйрықпен ұрады екен» деген сөз – өтірік!

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар