$ 494.87  520.65  4.91

«Өзбекстанда кәсіп жүргізу әлдеқайда жайлы»: қазақ ұн өндірушілері бизнестерін көшіріп жатыр

«Өзбекстан президенті ұн шығаратын компанияларды салықтан бес жылға босатты», – дейді компания директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев.

Қазақстанда ұн шығаратын бірнеше компаниялар кәсібін Өзбекстанға көшірді, деп жазады Abai.kz, Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық компаниялар Өзбекстанда кәсіп жүргізу әлдеқайда жайлы деп есептейді. Forbes Kazakhstan-ға сұқбат берген Қарағандыдағы ұн шығаратын «Mutlu» компаниясының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев елде ұн өндірушілерді қолдайтын бағдарлама жоқ дейді.

«Өзбекстан президенті ұн шығаратын компанияларды салықтан бес жылға босатты. Егер бізде орташа мөлшер 14 процент болса, біз Өзбекстанға 4 процентпен 15 жылға несие бере аламыз. Қазақстанда электр энергиясының бағасы 20 теңге болса, Өзбекстанда – 10 теңге. Бұдан бөлек, Өзбекстанда жұмыс күші екі есеге арзан», – дейді Дос-Мұқасан Тәукебаев.

«2007-2010 жылдары Қазақстан ұн экспорттау жағынан әлемдік көшті бастап тұрған. Бірақ түрлі себептермен Түркия басып озды. Қазір Өзбекстан бізді екінші позициядан итеріп тастайды. Бұл тіптен биыл болуы мүмкін» деп болжайды Forbes Kazakhstan.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары