Жас ата-аналар бала тәрбиесінде әжелердің кеңесіне жиі жүгінетіні рас. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені әжелер шын көңілімен көмектескісі келгенімен, балаға зиянын тигізіп алуы мүмкін, деп жазады woman.rambler.ru.
Бала күтімінің ескірген әдістері
Бұрын баланы температурасы 37 градус болатын суда шомылдыратын. Ал қазір 33-34 градус суда да жуындыра береді. Бұрынырақта нәрестені жұмсақ матамен орайтын. Бүгінде жаңа туған сәбилерге арналған ыңғайлы киім-кешектер көп. Сондай-ақ, біздің әжелеріміздің кезінде балаларға сиыр сүті мен одан жасалған шырындар берілетін. Енді құрамында дәрумендері бар сүттер пайда болған. Осылайша өзінің «әдісі» бойынша бірнеше баланы өсірген әжей сіз ұсынған «жаңа» кеңестеріңізді құптамай, келіспей қалуыңыз ғажап емес. Бұл сөзсіз, баланың денсаулығына да әсер етеді.
Тәрбие
Кеңес заманында балалар қатал тәрбиеленген. Сондықтан да болар, жылап жатқан баланы жалғыз қалдырып кету, шектен тыс еркелету және қолдау көрсету пайдасыз саналды. Десе де, ол заманда, қазір де балаларға назар аудару керек. Егер балалар үнемі назардан тыс қала берсе, бұл жағдай оның психикасына оң әсер етуі екіталай.
Беделдің төмендеуі
Әдетте аға буынның бала тәрбиесі туралы өзіндік пікірі бар және оны білдіруден тартынбайды. Көз алдыңызға елестетіңіз: анасы балаларын қателік жасағаны үшін жазалауды бастайды. Сол кезде әжесі келіп, «Анаңды тыңдамай-ақ қой, бәрі жақсы, одан да серуендеуге шығайық» дейді. Балалар анасының қобалжығанын көріп, оған әділетсіздік жасалғанын ұғады. Осылайша анасы баласының алдындағы беделін жоғалтады. Бұл әрине, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста қолайсыздық тудырады.