Әлеумет 12.09.2019 сағат 15:30

10482 өтінім: «7-20-25» бағдарламасы бойынша осынша адам үй алатын болды

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды.
10482 өтінім: «7-20-25» бағдарламасы бойынша осынша адам үй алатын болды

«7-20-25» бағдарламасы аясында  қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды. Бұл жайында ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды» делінген Ұлттық банк мәліметінде. 

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса «Баспана» ипотекалық ұйымына» тәулік бойы жұмыс істейтін +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша өтініш бере аласыз. Сонымен бірге ипотекалық ұйымның ресми  интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар