$ 494.87  520.65  4.91

Зорлық-зомбылық: жасөспірімнің одан сақтану сауаттылығы отбасында қалыптасуы керек

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, жастар – қоғамды қалыптастырудағы қуатты фактор. Сонымен бірге, жастар – қоғамның маңызды бөлігі. Сол себепті олардың жағдайы, қауіпсіздігі ізгілікті мәселе болып қаралады.

Зертеушілер жалпы қоғамда зорлық жасаудың екі түрінің бар екендігін нақты дәйектермен келдіреді. Оның бірі – тән азабы болса, екіншісі – жан азабы. Адамның ерік-жігерін жасытып, психологиялық қысым жасап, денесіне зақым келтірген қылмыскерлер заң алдында жауапты. Бірақ сол қылмыстың орын алғанына дейін қоғам болып атқарылар ауқымды шаралар бар. Бұл жөнінде жас маман өз пікірін білдірген еді.

«Жастардың мәселесі қай кезеңде болмасын басты назарда. Бүгінгі өркениетті қоғамда жастардың білім алып, бәсекеге қабілетті, дара тұлғалық қасиетін қалыптастыру – өзекті тақырыптардың бірі, әрі бірегейі. Әрбір баланың сана-сезімі ақ қағаз секілді тап-таза, тұнық. Ал сол баланың бойына имандылықты, инабаттылық пен ұлттық құндылықтарымызды сіңіру – тек ата-ананың емес, қоршаған ортасының да жауапкершілігінде», - дейді Еуразия ұлттық университетінің докторанды Жанна Алашбаева.

Маманның пікірінше, баланың қалыптасып, қиын мәселеге төтеп бере алуы сыртқы әлем мен үйдегі тәрбиенің нәтижесіне байланысты.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, жастар – қоғамды қалыптастырудағы қуатты фактор. Сонымен бірге, жастар – қоғамның маңызды бөлігі. Сол себепті олардың жағдайы, қауіпсіздігі ізгілікті мәселе болып қаралады. Жасөспірім, жеткіншектерді қысым, зорлық-зомбылықтан сақтандыру үшін оның бойына сол жайында ақпаратты ерте бастан сіңіру қажет» екенін айтады жас маман өз тәжірибиесіне сүйеніп.

Жанна Алашбаеваның айтуынша, ел ішінде жастардың арасында зорлық-зомбылыққа қарсы түрлі акция, көптеген шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ сонда да мінез-құлығында ауытқушылығы бар немесе бұрын істі болған азаматтардың қолынан зардап шегіп, қысымға түсіп жатқан балалар мен жасөспірімдердің қатары жыл санап артып келеді.

«Баланың тағдырына немқұрайлы қарап, қатігездік көрсету, қысым жасау, ұрып-соғу, жыныстық әрекеттерге итермелеу, бұзақылық көрсету сияқты жағдайларға баратындар – көбіне жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ, психологиялық ауытқушылығы бар азаматтар. Сондықтан ең алдымен ел ішінде осы мәселеге жіті назар аударып, қажетті бағдарламалар жасалу керек сияқты», – дейді білікті маман күрмеуі қиын мәселеге қатысты ашық пікірін айтып.

Зорлық-зомбылық, оған қарсы әрекет туралы сауаттылық отбасынан басталып, қоршаған ортасында жалғасын тапса ғана біріккен істен берекелі нәтиже шығатынын алға тартқан Жанна Алашбаева «Бала – еліміздің болашағы. Ал болашағымыз кемелдене дамып, жарқын болсын десек, біз жасөспірім-жеткіншектеріміздің дұрыс жолда, сапалы білім алып, қалыптасуына бар жағдай жасайтын ел болуымыз шарт. Біздің қолдауымыз бен қамқорлығымызды сезініп, бойына сіңіріп өскен ұрпақ жақсы нәтижемен тек биік белестерден көрінетіндігіне сеніммен қараймын. Баланың құқығын қорғап, қылмыскерлердің құрығынан сақтауға мықты жүйе қалыптастыра білсек, өркениетті елдердің көшінен ілгері көрінеріміз сөзсіз», – дейді.

Гүлназ БИСЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары