25.09.2019, 12:30

«Жалақымызды көтермесе, жұмысқа шықпаймыз» деген кеншілер уәделерін орындады

Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы сағат 17.00-де жұмыстарын кілт тоқтатып, жалақыларын 100% көтеруді талап етті. Келесі күні, яғни 24 қыркүйекте жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамасымен арада келіссөздер жүргізіліп, ол күні бойына созылды.

23 қыркүйекте «Синопэк Казахстан» корпорациясының Ақтаудағы филиалының қызметкерлері жалақыны 100% көтеруді талап етіп, жұмысқа түгелдей шықпай қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы жалақыларын 100% көтермейінше жұмыс шықпайтындарын айтқан.

23 қыркүйекте «Синопэк Казахстан» корпорациясының Ақтаудағы филиалының қызметкерлері, атап айтқанда, Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы сағат 17.00-де жұмыстарын кілт тоқтатып, жалақыларын 100% көтеруді талап етті. Келесі күні, яғни 24 қыркүйекте жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамасымен арада келіссөздер жүргізіліп, ол күні бойына созылды.

Келіссөздің нәтижесі бойынша жұмысшылар кешкі 20:00-де жұмысқа шықты. Тараптар жалақы мөлшерін «М-Техсервис» ЖШС-нің Маңғыстау филиалының (Солтүстік Бозашы кен орнындағыдай ұқсас жұмыспен айналысатын компания) жалақысының деңгейіне теңестіру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.