$ 494.87  520.65  4.91

Жағымсыз жарнама: Мыжырайған «батыр» шөптің үстінде хоккей ойнап тұр

Шынымен де букмекерлік кеңседе ойын ретін білмейтін бассыз «батыр» аз емес.

Мына сурет – аялдамаларда менмұндалап тұрған «Олимп» букмекерлiк кеңсесiнiң жарнамасы. Бұның астарынан сол баяғы қазақты надан етіп көрсету пиғылын аңғару қиын емес, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Суретте үстіне қазақ батырының сауытын, басына дулығасын (оның өзі қисайып, бір көзіне түсіп кеткен), қолына хоккей қолғабын және аяғына коньки киген біреу доптаяқ ұстап алып, мұзайдында емес, айдаладағы тау бөктерінде, шөптің үстінде тұр. Қарсыласы кім екенін қайдам, әйтеуір, араққа сылқия тойып алған маскүнем мен есірткі тұтынған нашақор да бұндайға бармас, сірә.

Бәс тігемін деп барынан айырылатындарға бәрібір шығар, бірақ, кез келген көзі қарақты, санасы сау адамға көшелерде бадырайып тұрған осы олқылықтың тым ерсі көрінері сөзсіз.

ІІМ былтыр елімізде құмар ойындардың шырмауына 350 мыңдай адамның іліккенін анықтап еді. Осылайша, жеңіл табысқа құныққандар ұтылған ақшасын қайтарамын деп соңғы 4 жылда 234 қылмыс жасаған. Оның 81-і – қарақшылық шабуыл, 153-і – тонау. Ал мына суреттегі мыжырайған түрге қарасаң, ойынқұмарлықпен талай отбасының ойранын шығарған сондай сабаздар кейіптеліп тұрғандай.

Шынымен де букмекерлік кеңседе ойын ретін білмейтін бассыз «батыр» аз емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары