$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында 3 елдімекен ауыз суға қосылды

Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Ақжарма, Бесарық, Амангелді ауылдары ауыз суға қосылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 437,9 млн. теңге бөлініп, үш елдімекеннің ауыз су жүйелері қайта жаңғыртылған. Жобаны жүзеге асыру арқылы Сырдария ауданының тұрғындарын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Ал, мамандар елді мекендерге қосылған судың сапасын санитарлық талаптарға сай деп бағалады.

Ауданға жұмыс сапармен барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындардың қуанышына ортақтасып, елді мекендерді суға қосу шарасына қатысты.

Жалпы облыс елдімекендерінің 71 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткіш республикада 48 пайызды құрайды.

Дәл осы күні Сырдария ауданына қарасты О.Мәлібаев атындағы ауылда үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен, көпбалалы 10 отбасы қоныс тойын тойлады. Қызылорда облысы құрылыс саласы бойынша республикада алдыңғы қатарда. Өткен жылы облыс орталығында 264 пәтер тапсырылса, биыл 2604 отбасы үйлі болды.

- Баршаларыңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Облысымызда құрылыс көлемі жылдан жылға артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда аймақта салынған құрылыс 3,5 есеге артқан. Ал Қызылорда қаласы бойынша 8 есеге. Осы арқылы біз үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешуді қолға алдық. Әлеуметтік проблема қашанда болған. Бірақ осы қарқынмен дамитын болсақ, кез-келген мәселені жолға қоюға болады. Алдағы уақытта да әлеуметтік қолдау жобалары қысқартылмайтындығын айтқым келеді. Қоныстарыңыз құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары