Жыл басынан бері ОҚО Отырар ауданының 2 мыңға жуық тұрғыны еңбекке орналасты.
Отырар ауданы тұрғындарының жұмысқа орналасуы туралы брифингіде аудан әкімі С.Полатов мәлім етті. Оның мәліметтеріне қарағанда, ауданда 2011-2015 жылдар арасында 5379 адамның жұмысқа орналасуының арқасында жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін азайған. Биылғы жылы 1708 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды, бұл жоспарланғандағыдан анағұрлым көп.
Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруда үлкен жоспарлар белгіленген. Мәселен, жүгері мен жем-азық өңдейтін зауыт салу жоспарлануда. Бұл үшін ауданда қазірдің өзінде жүгері егісінің көлемі екі есе ұлғайтылды. Енді осы дақыл егілетін алқаптың жалпы ауданы 46 мың гектарға дейін жетті.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жылдың 10 айы ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 51 мыңға тарта адам жұмысқа орналасқан. Олардың 36,4 мыңы тұрақты жұмысқа ие болды. Бұған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында қол жеткізілді. 194 млн. теңгені құрайтын 228 жоба мақұлдануының арқасында 1622 жаңа жұмыс орындары ашылды.