$ 494.87  520.65  4.91

Қала әкімі «Азбука жилья» үлескерлерінің мәселесіне қатысты пікір білдірді

«Азбука жилья» нысандарында түйткілді мәселе көп.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Азбука жилья» компаниясы үлескерлерінің мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Азбука жилья» бойынша үй салушы қашып жүр (...) «Шығыс», «Жағалау» ТК сынды негізгі нысандардың әрбірімен жеке жұмыс істеп жатырмыз. «Азбука жилья» нысандарында түйткілді мәселе көп. Біріншіден – жобалық-сметалық құжаттама, екіншіден – қаржылық үлгісі жоқ. Үшіншіден – банк тарапынан жауапкершілік пен қолдау керек. Барлық мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Барлығы бір күнде шешіліп кетпейді. Үлескерлермен де кездесеміз. Жалпы алғанда, алдымызда үлестік құрылыс мәселелерін шешу міндеті тұр. Ол үшін керекті қаражат бөлінді», - деді әкім «Nur Otan» партиясының астаналық филиалында өткен жиналыста.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары