02.10.2019, 12:55

«Арыс халқының төзімі бітті»: Айгүл Орынбек Бас прокурорға үндеу жолдады

Арыс қаласының тұрғындарының жан айқайын жеткізуге кіргенім үшін өкінемін! Себебі прокурордың өзі халықты кінәлап отыр. «Үйлерді өздері бұзып тастаған» деген сияқты жауап алдым.

Арыстағы тұрғындардың жанайқайын жеткізіп жүрген Айгүл Орынбек Бас прокурор Ғ. Нұрдәулетовке үндеу жолдады, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның айтуынша, Арыстағы құрылыс жұмыстары толық бітті деп есеп бергенімен, аяқсыз қалған жұмыстар тым көп екен. Арыстықтардың сәлемін Түркістан облысына жауапты прокуратураға жеткізбек болған ол қабылдаудан түңіліп шыққан. 

«Арыс қаласының тұрғындарының жан айқайын жеткізуге кіргенім үшін өкінемін! Себебі прокурордың өзі халықты кінәлап отыр. «Үйлерді өздері бұзып тастаған» деген сияқты жауап алдым.

Арыс халқының құқығы тапталып, дефектный актілері берілмей жатыр деген едім. Оны әкімдік шешеді, біз араласамаймыз деген жауап алдым!

Мен Әбдіров мырзадан облыстық прокуратурадан бір қызметкер беріңіз, облыстан комиссия құрып барайық деп ұсыныс айтқан болатынмын.

Жергілікті атқарушы билікке сенімсіздікпен қараған соң, Бас Прокурорға жазылғанымды да ескерттім.

Үйге келсем Арыс қаласының әкімдігінен звондап тұр. Облыс прокурор сізді әкімге тапсырды. «Комиссия құрайық, үйлерді тексерейік» деп!

Сұрақ Бас Прокурор Ғ. Нұрдаулетовке!

Облыс Прокуроры Әбдіров неге отыр?

Халықты кінәлау үшін бе?

Әлде әкімдерге жіберу үшін бе?

Әлде төтенше жағдай болғанға байланысты, Облыстық Прокуратура соңына дейін бақылап, тұрғындардың құқығын қорғау керек екенін ұмытып кетті ме?

Президент Қ. Тоқаев кеше ғана жолдаған жолдауында, "жергілікті атқарушы билікке халықпен жақын болыңдар! деген еді. Осы ма жақындығы?!

Президент Қ. Тоқаев! Президент жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшесі ретінде баяндаймын!

Арыс халқының төзімі бітті. «Халық көшеге шығамыз» -деген сайын, менің жүрегім аузыма тығылады. Оны бүгін Н.Әбдіровке де жеткіздім.

« Жоғары жақ шешеді, сәл шыдаңыздар» деп келем! Алайда кеше Шүкеев мырза құрылыс жұмыстары толық аяқталды дегеннен бері халық мазасыздануда», - деп шырылдауда Айгүл Орынбек.

Осыған дейін заңгер арыстықтардың жарылыстан кейінгі видеоларын жариялап, жоғары жаққа бірнеше рет жазбаша үндеу тастаған болатын. Осы жолы да дабыл қағылып, биліктегілерден Арыс қаласына көңіл бөлуін сұрады.