Алматы полицейлері «Иегово куәгерлері» ұйымының өкілдерінен жасөспірімдермен интимдік қатынаста болды деп күдіктенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент хабарламасында 9 қазанда полиция соттың келісімімен ұйымның ғимаратында тергеу шараларын жүргізгені айтылады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оның ұйым қатысушыларының үйлерінде болған.
Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған. ҚР Қылмыстық кодексі 122-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу күдіктілердің 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы бірқатар қылмыстық әрекеттер жасау дерегін тексереді. Күдіктелер туралы мәлімет тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбаған.