$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл – гомосексуализмді ашық насихаттау»: велошабандоздардың әбүйірі абырой әпермейтінге ұқсайды

«Анау жері кажалмасын деп сондай киім шығарып жүр атақты спорт фирмалары. Шынында үстінен шорты сияқты бірдеңе кию керек. Ұят».
фото: wikipedia.org
фото: wikipedia.org

Әлеуметтік желіге қазақстандық велошабандоздардың ұлттық құрамадағы киім үлгісі жүктелді. Ол туралы Aibek Tursun Alban деген аты-жөнмен тіркелген facebook қолданушысы: «Иә, мені жөні түзу адамдар кешірер... Бұл не өзі? Күлкілі, әрине. Бірақ, жылағың да келеді» деп жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көзге түрпі нәрсенің езуге күлкі үйіретіні рас. Алайда, бұл – желіде желдей есіп тұрғандай, тек қазақстандық «шайтан арба» иелеріне арнайы тігілген киім емес. Спорттың осы түрімен айналысатын әлем спортшыларына ортақ үлгі. Ал көпшілік назары неге біздің велошабандоздардың сап түзеп тұрған суретіне ғана ауа қалды дегенге келсек, бұл мәселеге олардың киімінің ашық аспанкөк түсті болғандығы себеп. Мысалы, қаракөк, қызылқоңыр дегендей жабық түсті киімдерден кемшілік көзге бірден ұрып тұрмаушы еді.

Жазбаға пікір білдірген желі қолданушылары жігіттердің кіндіктен төмен тұсы әйелдің ұятты жеріне ұқсап қалғанын жарыса жазысуда. 

Атап айтқанда, «Бұл – қыздарға арналған пушап күнтимес. Олар бұл нәрсені сексуалды көріну үшін күнтимесін томпайта білдіріп, тырысып тұратын шалбардың ішінен киеді», - деп мысқылдаған Роза Мырзағұлова.

Ал Леонардо Пизанский деген азамат: «Бұл – unisex жаңа трендіндегі гомосексуализмді ашық түрде насихаттау, яғни ер мен әйелдің бірігу бастамасы, пұтқа табынушылықты көрсету. Демек, бұл – бүркемелі сатанизм. Бұл тренд бүгінде спорттық компаниялардың барлығын соған үгіттейді, барлығын!» - деп сенімді сөйлеген.

Сондай-ақ, Еркебұлан Қалмағамбетов есімді желі қолданушы: «Анау жері кажалмасын деп сондай киім шығарып жүр атақты спорт фирмалары. Шынында үстінен шорты сияқты бірдеңе кию керек. Ұят», - деп «бетті басып, қатты сасып» отыр.

Өзге жазбалар да осы сарындас. Көбі артық-ауыс қылжаққа айналдырып жіберген. Десе де, шынымен осындай олқылықтың салдарынан көптеген ата-ана баласын велоспортқа беруді ар санап, Винокуровтардың отандық ізбасарлары сиреп қалмаса игі. Арнайы киім тігудің анайы үлгісін қойып, бұт төңірегін бірдеңе қылмаса болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары