$ 494.87  520.65  4.91

Студент қыз таксиде толғағы келген әйелді босандырып алды

Талдықорғанға бара жатқанда ұйықтап, түнгі сағат 11 шамасында айқайдан оянған
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Алматы медициналық университетінің 24 жастағы студенті Данара Шайхина Алматыдан Талдықорғанға бара жатқан жолда таксиде әйелді босандырды.

Жолаушы әйелді 15 қазанда ерлі-зайыптылар көлікпен жол-жөнекей алып келе жатады, деп хабарлайды Stan.kz  inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап.

Кенеттен әйелдің толғағы қысып, босануы басталады. Асфендияров атындағы медицина университетінің 7 курс студенті, болашақ хирург Данара Шайхина еш саспастан әйелді босандырды. 

Данараның айтуынша, ол Талдықорғанға бара жатқанда ұйықтап, түнгі сағат 11 шамасында айқайдан оянған. Бұл кезде толғақ басталды. Көліктен қажетті заттардың ең аз деген жиынтығын тапты.

«Қорқынышты деп айта алмаймын. Баланың басы көрініп тұрғандықтан уақыт созу мүмкін болмады», - деп есіне алады Данара.

Босану ойдағыдай өтті, ұл бала өмірге келді. Ерлі-зайыптылар баланың атын Данара қойсын деп шешті. Студент қыз жаңа туған сәбиге Әбдікәрім есімін берді. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары