$ 494.87  520.65  4.91

Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жәрдемақы берілетін болды

Тек отбасында 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын бала болуы шарт.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға ай сайын 75 мың теңгеге дейін берілетін болды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Елімізде көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 340 отбасы қаржылай қолдауға ие болмақ. Аталмыш жәрдемақы көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан төленеді. Тек отбасында 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын бала болуы шарт.

Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай есептеледі. Мәселен 4 баласы бар үйге 42 500 теңге беріледі. 5 балаға 53 125, 6 балаға 63 750, 7 баладан жоғары болса 74 375 теңге төленбек. Демек, орта есеппен алғанда, әр балаға 10-11 мың теңгеден келеді.

Қосымша ақпаратты 111-ге қоңырау шалып немесе enbek.gov.kz арқылы алуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары