$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО: Аягөз ауданындағы пошташының айлығы - 12 мың теңге

Басын қауіп-қатерге тіге отырып еңбек етіп жүрген жанның айлығы 12 мың теңге екені, ауылдың азып,тозғаны ешкімді, ауыл әкімін, аудандық пошта бөлімшесі басшылығын да ойландырмай келе жатқаны қалай? - журналист.
Фото: Altaynews.kz
Фото: Altaynews.kz

Аягөз ауданының пошташысы айына 12 мың теңгеге қызмет етеді екен, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Еңбекақысына 12 мың теңге алатын адамды көрдіңіздер ме? Мен көрдім", деп шулады "Дидар" газетінің тілшісі Жанаргүл Мұқатай Facebook-парақшасында.

Пошташы Мұратбек Жұманов бір округке келген хат-хабарлардың барлығын жалғыз өзі тарататыны анықталды.

"Аягөз ауданының қиыр шетіндегі, аудан орталығының өзінен 270 шақырымда жатқан Емелтау ауылдық округінің пошташысы Мұратбек Жұманов бүкіл бір округтің газет,журналын, зейнетақысын, еңбекақысын, қысқасы, пошта көрсететін қызметтің бәрін атқара отырып осы еңбегіне 12 мың теңге алып отыр. Округтегі несие алған тұрғындардың несие ақшаларын да Жұманов ай сайын жинап алып Мәдениет ауылына апарып тапсырып отырады екен", - деді жірналист өз жазбасында.  

Сонымен қатар, ауылдарға тиесілі зейнетақы, мұғалімдер жалақысы, жалпы сомасы 5-7 млн теңгені ауыл-ауылдарға таратуда осы пошташының мойнында екен. 

Журналист қауіп-қатері қатар жүрген жұмыс үшін Үкіметтің 12 мың теңге айлық беруін әділетсіздікке теңеп отыр.

"Ай сайын ауыл тұрғындарының зейнетақысын, мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын, жәрдемақы қаражаттарын да 100 шақырым жердегі Мәдениет ауылынан Емелтауға пошташы өзі әкеліп таратып отырады. Ол - анау -мынау емес 5-7 миллион теңгенің ақшасы. Аязды қыста, боранда, батпақта, аптапта Мұратбек Жұманов ескі көлігімен жеті миллионды салып алып жолға шығады. Басын қауіп-қатерге тіге отырып еңбек етіп жүрген жанның айлығы 12 мың теңге екені, ауылдың азып,тозғаны ешкімді, ауыл әкімін, аудандық пошта бөлімшесі басшылығын да ойландырмай келе жатқаны қалай?", - деп ашынды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#айлық #пошта