Алғашқы жыныстық қатынаста перде созылып, жыртылады. Кейде перде бірден жыртылмайды, ол екінші не үшінші қатынаста ғана алынуы мүмкін. Әйел босанғаннан кейін бұл перде мүлдем көрінбей кетеді. Қыздық перде жүйке жүйесі жасушаларынан тұратындықтан, жыртылған кезде ауырады. Перде адамның жаратылысына қарай әр адамда әртүрлі: тор немесе ортасы қуыс, дөңгелек болып келеді.
Қыздар кішкентай күнінде байқаусызда түрлі жарақат алып жатады. Мұндай кезде қыздық перде жыртылып кетуі мүмкін. Физикалық күш, яғни қыздардың атқа мінуі немесе гимнастика сияқты спортпен айналысуы пердені икемді, созылмалы етіп жіберуі мүмкін. Мұндай қыздарда алғашқы қатынаста қан болмайды. Себебі, перде созылмалы, яғни ол жыртылған жоқ.
Аплазия – қыздық перденің болмауы. Адам кішігірім кемістікпен туылуы мүмкін. Сол сияқты, қыздық перденің болмауы да - адамның жаратылысынан. Осыған қарамастан, ол қыз болып есептеледі.
«Қыздың жыныстық қатынаста болмағанын тек пердеге қарап анықтауға болады» деп ойлау – қате. Қызда аплазия болса, оның бұрын ер адаммен жыныстық қатынаста болған-болмағанын ер адам бірден біле алады. Егер қыз бұрын қатынасқа түскен болса, қынап кең, ауырсыну аз болып, бәрі байқалып тұрады.
Алғашқыда қыздар жыныстық қатынастан ешқандай ләззат алмайды. Оргазмның не екенін түсінбейді. Себебі, оған әр қатынас ауыр болуы мүмкін. Бұл – қынаптың әлі кеңеймегенінің, әйелдің қатынасқа үйренбегенінің белгісі.
Қазір 12-13 жастағы қыздардың жыныстық қатынасқа түсуі қалыпты жағдайға айналып келеді. Тек 18 жаста адамның ағзасы дамып, жыныстық қатынасқа дайын болады. Ерте жыныстық қатынасқа түскен адамдарда аурудың бірнеше түрі кездеседі. Қыздар бірнеше жігітпен қатынасқа түссе, обыр ауруы пайда болуы мүмкін.
Алғашқы қатынаста ауырсыну болмас үшін арнайы гель, кремдерді қолдануға болады. Мұндай тәсіл қынаптың аузын ылғалдандырады. Негізі әйел адам қозған кезде қынаптан сұйықтық бөлінеді де, бұл қатынас кезіндегі ауырсынуды жеңілдетеді.
Сосын адам тек өзі жақсы көретін адамымен жыныстық қатынасқа түсуі керек. Алданып, балалықпен ақымақтық жасап емес, психологиялық тұрғыдан дайын болып, сүйіп қосылуы керек.
Егер адам қалап тұрса, жыныстық қатынасқа күнде түсуге болады. Тәуліктің қай кезінде болса да, маңызды емес. Әр жыныстық қатынас сайын бақыт гормоны бөлініп, адамның көңіл-күйі жақсарады. Тері жасарып, бүкіл ағзаның жаңаруына, дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік болады. Жыныстық қатынаспен тұрақты айналысу бала туу уақытын да ұзартады. Дәл қазір 35 жасқа дейінгі әйел дені сау бала туа алады деп есептеледі. Ескеретін жайт, жыныстық қатынас кезінде «бала болса екен, көтеруім керек» деген нәрсені ойламау керек.
Қыздықты қалпына келтіруге болады. Оны медицина мекемелерінде қолжетімді бағада қайта тігіп береді. Қатынасқа дейін үш күн бұрын жасалады әрі ешқандай зияны жоқ.
Қыздың алғаш төсектес болған жігітінің гені ағзада сақталып, басқа еркектен туған балалары алғашқы адамға ұқсап тұрады деген түсінік – жалған. Кейбіреулер бұл мәселені теория жүзінде қозғаса да, медицина оны дәлелдемеген. Мұндай болуы мүмкін емес. Себебі, биоматериал - басқа жігіттікі. Ол әйелдің ағзасында сақталып қалатын нәрсе емес. Хромосома 48 сағатта өліп кетеді.
Дереккөз: baribar.kz