$ 494.87  520.65  4.91

Желіге сәбиді балағаттап, ұрып-соққан егде әйелдің ВИДЕОсы тарап кетті

Жағасынан ұстап жұлқылайды да, келесі бөлмеге жібереді. Онымен қоймай, кетіп бара жатқан баланы жылағаны үшін жұдырықпен төпелей бастайды.

Қазір Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы бір әйелдің шамамен 3-4 жасар сәбиді балағаттап, ұрып-соққан видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны желіге алғаш таратқан адам: «Бұл – Қазақстан. Түсіріп тұрған – баланың немере ағасы. Ал роликтегі – соның әйелі. Видеоны көбірек таратыңыздар! Жауыздар жазасын алсын» деп жазған.

Бұнда егде жастағы әйел кішкентай баланың аузына құймақты күштеп тығып, оны өз қолымен қайта алғызып тастайды да: «Жедің бе?» деп сұрайды. Өксігін баса алмай тұрған бала: «Жоқ», - десе, оны басынан ұрып, балағаттай жөнеледі. Содан кейін жағасынан ұстап жұлқылайды да, келесі бөлмеге жібереді. Онымен қоймай, кетіп бара жатқан баланы жылағаны үшін жұдырықпен төпелей бастайды.

Стол үстінде кепкен балық жатқанына қарағанда, қарны ашқан сәби ішімдік ішіп отырған әйелден тамақ сұрағанға ұқсайды. Ал қатыгездігі дүйім жұртқа әшкере болған әйел оның қыңқылын көтере алмаған сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары