Нұр-Сұлтанда құбыр желісінің дәнекерленген бөлігі ажырап, сол жағалаудың бір бөлігі сусыз қалды. «Астана Су арнасының» ақпаратына сәйкес, апат 17 қараша күні түнде болған, деп хабарлайды Today.kz.
«Бүгін Тұран-Сығанақ көшесінің қиылысындағы су құбыры сағат 05.40 шамасында жарылды. Апаттық бригада оқиға орнына сағат 06.15-те жетті. Нақтырақ айтқанда, құбыр желісінің дәнекерленген бөлігі ажырап кеткен. Сағат 10.30-да су бөгелді», - деді компаниядан.
Қазіргі уақытта су жүйесін тезірек қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Д-400 құбыр желісінде дәнекерлік жұмыстар жүргізідіп жатыр. Үйді-үйге арнайы көлік жіберіліп, ауыз су таратылған. Атап айтқанда, ауыз су таратушы көліктер Е-10 көшесін, Зелёный квартал ТК-да, Е-30, Е-16, Омаров көшелерінде болған», - деп толықтырды МКК.
Алдын ала болжам бойынша, жұмысты толығымен бүгін сағат 20.00-де аяқтау жоспарланған.
«Судың болмауына байланысты қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады «Астана Су арнасы» МКК.