21.11.2019, 16:15

Қазақстанда бала күтіміне байланысты төлемдер SMS арқылы тағайындала бастады

Сіз оған жауап беріп, банктік шот нөмірін растаған кезде төлемдер автоматты түрде тез арада тағайындалады.

Қазақстанда жүктілік пен босануға, асыраушысынан айырылуына және жұмыссыз қалуға байланысты әлеуметтік төлемдер SMS арқылы тағайындала бастады, деп хабарлайды Today.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет азаматқа SMS жолдау арқылы қызметтерді ұсыну процесін бастайды. Сіз оған жауап беріп, банктік шот нөмірін растаған кезде төлемдер автоматты түрде тез арада тағайындалады. Қызметті проактивті форматта алу үшін сіз мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелуіңіз керек. Сіз мұны egov.kz сайтында немесе халыққа қызмет көрсету орталығында жасай аласыз», - деп атап өтті департамент.

Тегтер: төлем бала