$ 494.87  520.65  4.91

«Жыла, еврейлерді өлтір»: Сбербанк клиенттеріне мағынасы қорқынышты хабарлама жіберген

Алайда, банк бұл біреудің қалжыңы болар, құпия сөзді фотошопта жасаған деп жауап берген.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сбербанк клиентіне арнайы бағдарлама жасаған оғаш код келді. Егер оны ағылшын тілінен аударса, онда "еврейлерді өлтіруге" шақыратын сөз жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейлікке келген sms-тің скриншотын Twitter желісінде "Нож" басылымының аға-редакторы Артем Чапаев көрсеткен.

Мазмұнына қарағанда, хабарламада клиенттердің біріне жеке шарттар бойынша несие рәсімдеу ұсынылған.

Несиені рәсімдеу үшін ұйым кеңсесіне келіп құпия сөзді айту жеткілікті болған. Осы ретте бір түрлі код келген.

Кодта мынадай - CRYVKILLJEWS әріптер болған. Егер ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударса: "жыла, еврейлерді өлтір" деген мағына береді.

Артем Чапаев қаржы ұйымының өкілдеріне генератор жіберген кодтың қандай мағына беретінін айтқан. Алайда, банк бұл біреудің қалжыңы болар, құпия сөзді фотошопта жасаған деп жауап берген.

Дегенмен олар мұндай құпия сөздің шынымен де sms-те көрсетілгенін мойындап, кешірім сұраған.

Одан бөлек, Сбербанктегілер болған жағдайға ирониямен қарап, бағдарламаның ешкімді ренжіткісі келмегенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сбербанк