$ 443.85  474.3  4.8

Сараңдығы сонша, көгерген нан жегізеді

Ол мені кемісітіп, əр істе санасатын болды, қатындардың ісіне көп араласады.
фото: miracle-lady.ru
фото: miracle-lady.ru

Сəлеметсіздер ме? Мен сіздерден ақыл сұрайын дегем. Менің тұрмысқа шыққаныма 5-6 ай болды. Өзім араласып жүрген жігітке тұрмысқа шықтым. Басында бəрі жақсы еді.

Біз үйленгеннен кейін бір-екі аптада бөлек шыққанбыз. Оның тұрмыстан қайтып келген екі бірдей əпкесі бар екен. Ол жайлы жақ ашпаған-тын. Солардың кесірінен үйленгенімізге бір ай болмай-ақ күйеуіммен ұрсыса бастадық. Ол мені кемсітіп, əр істе санасатын болды, қатындардың ісіне көп араласады.

Сосын ол майда сөзді қатты жақсы көреді. Бір нəрселер үшін ұрыс шығарып, үйіне жеткізеді. Жеке дүниелерді ата-анасына айтқаны дұрыс емес қой. Олар әке-шешеме айтып, анамды уайымға салады. Өзін-өзі ұстауды білмейді. Əпкелеріне мені қарсы қойып, солармен ұрысқанымызды тамашалап отырады. Адамның ызасы келеді. Ақшаға сараңдығы сонша, көгерген нан жегізеді. Жұмыс істеп отырған жерімнен шығарып алды. Енді əр күні берген соқыр тиыны үшін зіркілдейді. Адамның жақсы көруі де, жек көруі де тез екен-ау! Ажырассам ба деймін. Не істесем болады?

Дереккөз: el24kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#нан #сараң