Алматы облысында 19 жастағы келіншек баласын күйеуіне тастап, үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер отбасынан қашып кеткен келіншекті Шымкенттен тапқан.
Қарашаның басында Іле аудандық полиция бөлімшесіне Ақши ауылының тұрғыны келіншегі жоғалып кеткен соң, шағымданған. Келіншек бір жасар баласын күйеуінің қолына ұстатып кеткен.
«Іздеудегі келіншектің қайда кеткені үш аптадан кейін анықталды. Жоғалған әйел Шымкенттен табылды. Ол аман-есен өз отбасына оралды. Осыған дейін ол Шымкенттегі құрбысының үйінде тұрған», - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Келіншектің отбасылық ұрыс-керістен шаршап, қашып кеткені белгілі болды.