$ 443.85  474.3  4.8

Жетім өскен келіншекті енесі сабап, 3 баласымен қуып жіберді

Оған жолдасы қол көтермеген, керісінше, енесінен зәбір көрген. Жолдасы қазір екінші әйелмен тұрады.
фото: Aikyn.kz
фото: Aikyn.kz

Ақтөбеде жолдасынан таяқ жеп, полициядан көмек сұрайтын қыз-келіншектер көбейген. Жыл басынан бері облыста полиция қызметкерлері 183 ана мен баланы дағдарыс орталықтарына орналастырды. Оның 60-қа жуығы әйел адам болса, қалғаны бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дағдарыс орталығына орналастырғандар тек жолдасынан зардап шеккен әйелдер емес, ата-енесі, қайынағасы, қайынсіңлісінен зардап шеккендер бар. Олар отбасындағы жанжалға шыдамай орталыққа келіп тұрады. Қазір енесі қол көтерген келіншек үш баласымен орталықта алты айдан бері тұрып жатыр.

Оған жолдасы қол көтермеген, керісінше енесінен зәбір көрген. Жолдасы қазір екінші әйелмен тұрады. Келіншек Оралдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, жетім өскен. Бұл бір адамның  тағдыры. Әр түрлі жағдайлар бар",- дейді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор Ақкүл Қасанғалиева.

Полиция қызметкерлері білім бөлімінің басшылары, дағдарыс орталығы, медиатор мамандарымен бірге қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Акцияның негізгі мақсаты - ерте жастан жүктілікке, қиын жағдайға тап болған аналарға көмек беру.

"Дағдарыс орталығында бірнеше рет тұрмысқа шыққан келіншек те жатыр. Төрт баласы төрт адамнан. Жақында ғана кішкентайын босанды. Балаларының алды 7 жаста, аралары қатар. Отсында зорлық-зомбылық көрген келіншектер көп. Бізде қазақы менталитет болған соң әйел полициядан көмек сұрап арызданса да, істі сотқа жеткізбей кешірім береді. Біздің жұмысымыз -қиын жағдайда қалған келіншектерге көмектесу. Олар айлық курстарда тегін оқытылады",- дейді Ақкүл Қасанғалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары