$ 494.87  520.65  4.91

«Қуады мыналар»: елбасының суретіне қар лақтырған оқушылардың ВИДЕОсы наразылық тудырды

«Бұл жерде мәселе билікте емес, балалардың тәрбиесінде... Бұл – мәдениетсіздік!».

Instagram әлеуметтік желісіне twitter_kz деген аккаунтпен тіркелген біреу экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілінген баннерге екі баланың кезек-кезек қар лақтырып, тіпті, біреуінің уысындағы қарды сонда апарып жағып жатқан видеосын жүктеді. Ол әрекетті ұялы телефонға үшінші біреу түсіріп, мәз-мейрам болып тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының эмблемасы бедерленген баннерге «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» деген жарнама жазылған.

«Мен біздің ел қазір еркіндікке ие деп ойлаймын. Сталиннің кезінде бұндайды кешірмеді және халық жауы деген ат беріп, бас бостандығын 15 жылға шектеді», - дейді жазба авторы.

Ал оған пікір білдірген almaaliakhmetova деген желі қолданушы: «Егер бұл қалыпты құбылыс деп есептелсе, онда біздің қоғам – ауру. Сондай-ақ, бұл жерде мәселе билікте емес, балалардың тәрбиесінде... Бұл – мәдениетсіздік!» - деп кейістік танытқан.

Өзге оқырмандар да «Қуады мыналар», «Бұл – жасөспірімдердің ақымақтығы», «Тәрбиесіз. Олай жасауға болмайды ғой», «Неге түсіреді? Одан да қуып жібермей ме?» дегендей наразылықтарын білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары