$ 445.66  474.58  4.78

«Астана»-«МЮ» жарысында стадиондағы жанкүйер сүйіктісіне тізерлеп тұрып ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Қыз өз кезегінде күтпеген сұраққа «иә» деп жауап берген.

Еуропа лигасының «Астана» және «Манчестер Юнайтед» құрамаларының арасында болған футбол жарысы кезінде жанкүйерлердің бірі өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жігіттің ұсынысы түсіп қалған видео «Астана» тобының facebook парақшасында жарияланды. Онда «Манчестер Юнайтедтің» футболсанын киген жігіттің сөйлесіп жүрген қызының алдына тізерлеп тұрып, үйлену туралы ұсыныс жасағаны байқалады. Қыз өз кезегінде күтпеген сұраққа «иә» деп жауап берген.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық «Астана» тобының әйгілі «Манчестер Юнайтед» футболшыларын ойсырата жеңгені жазылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары