$ 494.87  520.65  4.91

Әр жұмада жолаушыларды тегін тасымалдайтын жүргізуші жұртты  сүйсіндірді

Адамдарға жақсылық жасауға асығып кетті.
фото: Sputniknews.kz
фото: Sputniknews.kz

 Ақтөбеден 90 шақырым жерде орналасқан Қандыағаш қаласындағы "ГАЗель" жүргізушісі екі жыл бойы жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдап келеді. Бұл туралы Жаңабай Шәріпов есімді қала тұрғыны "Диапазон" газетіне айтып берген.  

"15 қарашада Қандыағашта бірінші бағыт бойынша жүретін "ГАЗельге" міндім. Салон жолаушыға толып тұрды. Мен кондукторға 60 теңге беріп едім маған ақшаны қайтарып, бұл "ГАЗельде" жұма сайын жол жүру тегін екенін айтты.  Соңғы жылдардағы көрініс басқа ғой: барлығына үш есе төлейміз, бәрін есептеп, ұстап қалып жатады, тегін ештеңе жоқ.  Үйім алты аялдамадан кейін еді. Бірақ бұл - өмірімдегі ең ұзақ жол болды. Мен тіпті 60 теңгені әмияныма салмай үйіме жеткенше қолымда ұстап тұрдым.  (...) Менің есептегенім бойынша, жүргізуші жолаушылар үшін ай сайын 50 мың теңгедей құрбандық жасайды. Отбасына және өзіне қиын болады ғой. Осымен үшінші жыл екен. Әр жұма сайын. Ол тек есімін айтты - Тимур. Оның әріптестерінен шын есімімін сұраған едім. Есімі - Темірбек Құсайынов. Мен оны суретке түсіріп үлгермедім. Ол кетіп қалды. Адамдарға жақсылық жасауға асығып кетті", - дейді қала тұрғыны. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары