02.12.2019, 03:21

Баспанаға құжат қабылдау басталды

Фото: inform.kz
Жалдамалы пәтерге үміткерлер тиісті құжаттарын 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында өткізе алады.

Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй қоры» КММ сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды zhilfond.kz

Бұл бағдарламада «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санаттағы тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар қатыса алады. Пәтер саны: 251;

184 үш бөлмелі пәтер (65-85 ш.м.);

67 екі бөлмелі пәтер  (60-70 ш.м.).

Пәтерге құжат жинау турасында толық ақпарат алғыңыз келсе мына сілтемеге өтіңіз.