Шымкент қаласы Қаратау ауданында ретсіз сауда орындары мен жарнамалар реттелді, деп хабарлайды Sn.kz.
Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз жиынында аудан әкімі Абзал Әліқұлов сөз етті.
Әкімнің айтуынша, 2019 жылдың 10 айында белгіленбеген жерлерде сауда жасаушы тұлғаларға Қаратау ауданы ЖПҚ қызметкерлерімен 541 хаттама толтырылып, 873 741 теңге көлемінде айыппұл салынып, 454 495 теңге өндірілген.
Ал 2019 жылдың 10 айында қала келбетіне сай келмейтін 683 заңсыз жарнама анықталып ретке келтірілді. 2019 жылдың 10 айында өз бетінше орналасқан 11 дүңгіршек және 2 киіз үй иелері өз еріктерімен алып тастады.