$ 494.87  520.65  4.91

Енді төлемдерді онлайн бақылауға болады

Сайт су арнасының Facebook, Twitter, Instagram, Вконтакте сынды әлеуметтік желілердегі парақшаларына да «байланған». Сондықтан да осы қосымшаларға сайт арқылы тікелей кіруге болады. WhatsApp нөмірі де бар.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Су арнасынан жағымды жаңалық. Қалалық «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сайты жаңарды. Енді пайдаланған қызмет тарихын үйден шықпай-ақ білуге, ақысын төлеуге, компания басшылығының қабылдауына жазылуға болады, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл аталған компания тұтынушыларына уақыт үнемдеуіне көмектеседі. Жаңа сайттың басқа да мүмкіндіктері жайлы су арнасында өткен баспасөз жиынында айтылды.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орманның сөзінше, ақпараттық технология тұтынушылардың есеп айырысуын жеңілдетіп қана қоймай, қажеттілікті өтеуге көмектеседі. 
«Компьютер не ұялы телефондағы браузер арқылы компанияның сайтына кіріп, соңғы 10 айдың төлем тарихын көруге, төлем түбіртегін басып шығаруға, басшылықтың қабылдауына жазылып мекемемен кері байланыс орнатуға болады.

Сонымен қатар, сайтта компания туралы, оның жетістіктері, жоспарлары мен серіктестері жайлы, жаңа технологиялар мен инвестициялар, тұтынушыларға қажетті мәліметтер жазылған. Елдегі және әлемде орын алып жатқан ақпараттарға қанығып, пайдалы кеңестерді де оқи аласыз», - деді Анарбек Орман.

Сайт су арнасының Facebook, Twitter, Instagram, Вконтакте сынды әлеуметтік желілердегі парақшаларына да «байланған». Сондықтан да осы қосымшаларға сайт арқылы тікелей кіруге болады. WhatsApp нөмірі де бар. Енді қажет ақпарды жіберу үшін, ватсап нөмірін телефонға сақтаудың қажеті жоқ. Нөмірді сақтамай-ақ, сайттағы ватсап түймесін басып, су арнасының диспетчерлік қызметімен байланысуға болады. Апатты жағдай, тағы басқа да хабарламаларды тікелей жолдай аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#онлайн #Whatsapp