07.11.2019, 11:08

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасы тұрақтандырылды

фото: ult.kz
Ағымдағы жылдың осы күніне дейін 44-рет жәрмеңке ұйымдастырылды.

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасы тұрақтандырылды, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл мәліметті аудан әкімі Абзал Әліқұлов бөлісті.

«Әр аптаның жексенбі күндері Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 175 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде. Ағымдағы жылдың осы күніне дейін 44-рет жәрмеңке ұйымдастырылды», - деді Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов.