Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаев айлық есептік көрсеткіштің және күнкөріс деңгейінің артуына байланысты, жаңа жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік төлердердің де мөлшері біршама өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz.
Сонымен, күнкөріс мөлшерінің өзгеруіне байланысты жаңа жылдан бастап:
Мүгедектерге:
І топтағы мүгедектерге — 59872 теңге;
ІІ топтағы мүгедектерге — 47710 теңге;
ІІІ топтағы мүгедектерге — 32431теңге төленеді.
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 43657 теңге;
16 жастан асқан мүгедек балаларға:
І топқа — 59872 теңге;
ІІ топқа — 49581 теңге;
ІІІ топқа — 37420 теңге мөлшерінде тағайындалады.
— Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін — 43657 теңге;
— Бала кезінен І топтағы мүгедек баланың күтімі үшін — 43657 теңге төленеді.
Асыраушысынан айырылғандар:
1 балаға — 26 818 теңге;
2 балаға — 46 463 теңге;
3 балаға — 57 689 теңге;
4 балаға — 61 119 теңге;
5 балаға — 63 302 теңге;
6 және одан көп балаға — 65797 теңге жәрдемақы алады. Осылай жоспарланып отыр екен.
Тұл жетімдер:
— Әр қайсысына бөлек — (36796) теңге жәрдемақы төленеді.