04.12.2019, 09:55

Декреттегі ананың жәрдемақысы қайта тағайындалады

фото: ernur.kz
«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар — 16967 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Егер жас ана декреттік демалысқа шықпай тұрып жұмыс істесе, онда 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері оның жалақысының мөлшеріне қарай тағайындалады. Ол мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департа-ментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Нақты айтқанда:  — 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасылар ай сайын мемлекет есебінен әр балаға — 10 504 теңгеден алады.

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар — 16967 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге көбеюіне байланысты:

№1 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 24973 теңгеге;

№2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер — 22216 теңгеге ұлғаймақ.

— 1, 2 және 3-ші балаға — 100 738 теңгеге;

— 4-ші және одан көп балаға 167 013 теңгеге артты.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне: — 1 балаға — 15 270 теңге; — 2 балаға — 18 054 теңге; — 3 балаға — 20 811 теңге — 4 және одан көп балаға — 23594 теңге тағайындалады.

Тегтер: Жәрдемақы