$ 494.87  520.65  4.91

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға артады

Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі — 41621 теңгені құрайды.

2020 жылдан бастап, Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жүргізілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% арттырылады, деп хабарлайды Sn.kz.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төленетін төлемдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 пайызға артады.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаевтың мәліметінше: 

— Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі — 41621 теңгені құрайды.
— ҰОС ардагерін және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет есебінен — 97027 теңге беріледі.
— ҰОС қатысушылары мен мүгедектері — 42416 теңге
— ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері — 11877 теңге
— Соғыстан кейін қаза болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) — 6787 теңге
— Кеңес Одағының Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері — 25450 теңге
— Социалистік Еңбек Ері, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері — 197898 теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады.
— Тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы — 5647 теңгеге көбейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары