2019 жылдың 11 айында шымкентте 57 563 азаматтық хал актілері тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев осылай деп баяндады, деп хабарлайды Sn.kz.
Негізінен АХАТ бөлімі мемлекеттік тіркеудің 10 түрі бойынша қызмет көрсетеді.
Туған күніңнен бастап, өміріңнің соңына дейінгі тіркеу жұмыстарымен айналысатын АХАТ бөлімі бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, неке қиюды тіркеу, неке бұзуды тіркеу, әке болуды анықтау, бала қыз асырап алуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, акт жазбаларын қалпына келтіру, акт жазбаларын жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту сынды жұмыстармен айналысады.
Бұдан бөлек, 2018 жылы АХАТ бөлімімен қаралған заң органдарынан келіп түскен сұраныстар, өзгерту туралы күрделі істер, ұлттық тарихи дәстүрге байланысты арыздар саны – 17 075-ке жетсе, ал 2019 жылы бұндай хаттар саны 15 877.