31 жастағы Жарқын Бипенова өзін енесі дуалап тастағанын айтады. Өйткені ол соңғы уақыттарда өз-өзінен таңертең далаға шығып кететін болыпты. Тіпті агрессия да пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Менің жүйке жүйем ауырмайды. Күйеуім алдап жатқызды. Ұйқым бұзылды. Түнімен ұйықтай алмадым. Қорқынышты түстер көретінмін. Шошынатынмын. Таңертең шығып кететін кездері болған. Дуалағаннан осылай болды», – дейді келіншек.
Айтуынша, енесі ұлымен келінін үйден шығарғысы келмейді екен. Тіпті жұмысқа да тұрғызбайды екен.
«Іш-киімдерім жоқ болып кетеді. Суреттерімді жоқ қылады. Күйеуім жақсытұғын. Бірақ енем бізді бірге далаға шығармайды. Үйде отырғызып қойғанды жақсы көреді. Жұмысқа шығармайды. Біздің күйеуім екеуміздің ара-қатынасымыз екі-үш айда бұзылды. Енем күйеуіме «әйеліңді психиатриялық ауруханаға ақша беріп жатқызып сал» деп айтты. Бірақ мен жатпаймын деп кетіп қалдым», - дейді Жарқын Бипенова.
Ал экстрасенстің айтуынша, келіншек дуаланған. Бойы аласа, бетіне үнемі күліп жүретін және толықша келген әйел екен. Сондай-ақ, әлгі адам оның заттарын да ұрлаған.