$ 494.87  520.65  4.91

Отандық тауарлар әлемнің 120-дан астам еліне тарайды

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді, атап айтқанда, автомобиль өнеркәсібі, ірі темір жол машинасын жасау, мұнай-газ саласына машина жасау, күрделі тыңайтқыштар өндірісі сияқты жаңа бағыттар қосылды.
фото: kazakh-tv.kz
фото: kazakh-tv.kz

 Осыдан 10 жыл бұрын елімізде индустриялық-инновациялық дамытудың алғашқы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол алғашында әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарсы шара ретінде басталып, еліміздің өңдеу өнеркәсібін дәйекті түрде дамытудың тиімді құралына айналды. Содан бергі 10 жыл ішінде отандық өнеркәсіп саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламалары аясында 1250 жоба іске қосылды. 195 мыңдай жұмыс орны ашылды, оның ішінде 120 мың тұрақты, 75 мың уақытша жұмыс орны, деп хабарлады ИИДМ деп жазады Хабар 24.

Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген 500-ден астам өнім түрі шығарыла бастады. Өңдеу секторының өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 2009 жылы 32% болса, 2018 жылы 38% жетті, ал инвестициядағы үлесі 17%-тен 19%-ке артты. 

Өндіріс көлемі нақты көрсеткіште 42,3% артты. Өсімге ең үлкен үлес қосқан салалар: 

металлургия өнеркәсібі (42%), азық-түлік өндірісі (13,7%), машина жасау (10,7%) және құрылыс материалдары өндірісі (10%). Осы кезеңде отандық экономикаға 32 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді, атап айтқанда, автомобиль өнеркәсібі, ірі темір жол машинасын жасау, мұнай-газ саласына машина жасау, күрделі тыңайтқыштар өндірісі сияқты жаңа бағыттар қосылды.

Титан құймасы мен қорытпасын өндіретін зауыт ашылған соң бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген өнім – титан құймасы мен қорытпалар өндірісі жолға қойылды. Қазақстан титанының әлемдік нарықтағы үлесі 11%, әуе-ғарыш саласында 17%-ке жетті.

Машина жасау саласындағы өнеркәсіп көлемі 3,8 есе ұлғайды. 11 фармацевтикалық кәсіпорынның 20 өндірістік алаңында GMP халықаралық стандарттары енгізілді. Құрылыс материалдары өндірісі саласы көптеген өнім түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен құтылды.  

  Индустрияландыру жылдары шикізаттық емес 70 тауар түрі бойынша өндіріс көлемі ұлғайтылып, экспорт жолға қойылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда өндірілген тауарларды әлемнің 120-дан астам елінде тұтынады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары