Жыл аяғына тақаған тұста әлеуметтік желіде түрлі формадағы еріндердің суреттері көпшіліктің қызу талқысына түсе бастады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жасанды ерінді сұлулық әлеміндегі жаңа тренд ретінде қарастырған бұл үрдіске байланысты танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жеке инстаграм парақшасында сауалнама жүргізді. Яғни, журналист желідегі оқырмандарының жаңа ерін үлгісі туралы ойын білмек болған.
Фото: anews.com
"Мына ерінді әдемі деп санайтын 5% адамның не есі дұрыс емес или #дляприкола ДА-ны баса салған, не #өзойы бар сорболғанның біреуі ғой дим?
Баспаңдар #нравиться-ны", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Нәтижесінде желі қолданушыларының басым бөлігі, әлгі еріннің әдемі емес екендігін жазып, түрлі пікірлерін толассыз жазып әлектенді.
Мәселен, "Қарағандыда қазақтың бір қызы жасатыпты. Косметолог клиент всегда прав деп жазып отыр", "Бұл фотошоп деп кеше Ресей теларналарынан айтып жатты. Бұндай ерінді жасаса қайтадан орнына келтіру мүмкін емес деп. Дегенмен де сол эфирде осындай ерінді қалап отырған әйел адамдар болды", Мынадай ерінмен ешкім сүйіскісі де, сөйлескісі де келмейтін шығар!?", "Иә, ойына келгенді істейді деп, бұл тіпті айтуға сөз жоқ. Қой дейтін қожа, әй дейтін әже жоқ боп тұр", "Не бәле мынау жапыраққа ұқсап жалбырап", "Қараудың өзі жиіркенішті", "Есі дұрыс емес деген олардың қасында әжептеуір сау адам ғой (мен осылай жасатқандарды айтып жатырмын)", - деген секілді субъективті пікірлерін желі белсенділері қарша боратты.