$ 494.87  520.65  4.91

Атышулы режиссер қазақ қоғамындағы үш кемшілікті жіпке тізді

"Адамдар бір сеніп қалса бітті, өз бетінше ойланып, толғанудан қалады", - дейді.
фото: jebeu.kz
фото: jebeu.kz

Атышулы режиссер Ермек Тұрсынов "В лоб вопрос" бағдарламасына сұхбат беріп, қазақ қоғамындағы өзекті мәселелер мен қоғамдағы түйткілдердің шығу себебі жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өз ойын айтудан кез келген ортада жалтармайтын қоғам белсендісі әлеуметтік ортадағы басты үш кемшілікті атады.

"Менің көзқарасым бойынша, білім беру саласы өте төмен. ЖОО, орта мектеп бәрі де. Мәдениет деңгейі төмен. Мен жоғары мәдениет жайлы емес, жалпы мәдениет жайлы айтып тұрмын. Инерция, адамдардың көңіл-күйі, аурасы, атфосфереасы төмен. Адамдар бір сеніп қалса бітті, өз бетінше ойланып, толғанудан қалады", - деп өзін толғандырып жүрген азаматтық көзқарасын жеткізді.

Сондай-ақ, сұхбат барысында "Мен халқыммен, ұлтыммен мақтанамын. Біз тереңдеп біле бермейтін теңдессіз тарихымыз бар. Біздің құндылықтарымыз көп. Басқа ұлттар секілді, біздің ұлттың да кемшіліктері көп", - деп ұлтына деген ішкі сезімін жайып салды.

Тереңнен ойлап, өткеннен тағылымды әңгімелер айтуға келгенде тосылмайтын Ермек Тұрсынов бұдан бөлек, деградация, жалпыхалықтық мәдениет, қазақтардың неліктен жылқыны әйелден артық қоятындығы жайлы айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары