16.12.2019, 12:44

Полициядағы иттерді үйретуде нені дұрыс меңгерген жөн? - кинолог қыздың жауабы

Аймақтық бөлімшеде Күлжәмила Қайырбекова - жалғыз кинолог.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің кинологиялық орталығында кинолог қыз қызмет етеді. Күлжәмила Қайырбекова Алматыдағы ҚР ІІМ-нің кинологиялық орталығында арнайы курсты тәмамдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы СҚО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол қызметтік иттерді үйрету дағдыларын игеріп, жақсы нәтиже көрсетті.

Күлжәмила қыркүйек айының басында кинологиялық қызметтің орталығына ауыстырған бойда төрт аяқты көмекшілермен тез тіл табысып кетті. Гретта есімді 2 айлық күшік үшін де жан ұшырып, бар жақсылығын аямады. Ол операциялық жұмыстарға қатыса алмайтын, өйткені жүйке талшықтарына зақым келген, дірілдеп, сал ауруымен ауыратын. Оның аяқтан тұрып кетуіне үміт өте аз болған. Бірақ Күлжәмила күшікті аяқтан тік тұрғызып, бір ай ішінде өзімен алып шықты.

Полиция сержанты курстан оралған соң, басқа іздеу итімен жұмыс істеуді бастайды. Ол Чарли атты қойшы тұқымдас итті жанына серік етті. Екеуі ортақ тіл табысып, қазір ажырамас достарға айналды. Олар есірткімен күресетін болады. 

«Мен иттерден қорықпаймын, өйткені олар бала кезімнен менің маңайымда. Мен Петерфельд ауылында тұрдым. Бізде алабай, қойшы секілді әртүрлі тұқымды иттер болды. Иттерге жақындастығым бүгінгі күнде кинологиялық орталықтың иттерімен қарым-қатынас жасауда көмектесіп жатқан сыңайлы», - дейді Күлжәмила Қайырбекова.

Күлжәмила 2016 жылдың 16 желтоқсанынан бастап ішкі істер органында вагон взводында жұмыс істеді. Енді оған жаңа саланың арқасында сүйіп таңдаған мамандығының қыр-сырын меңгеруге таптырмас мүмкіндік туып тұр.

«Аймақтық бөлімшеде Күлжәмила Қайырбекова - жалғыз кинолог, Тимирязев ауданында Виктория Шахневич есімді кинолог жұмыс істейді», - деді Солтүстік Қазақстан облысы Орталық бақылау комиссиясының басшысы Самат Төлебаев.

Айтпақшы, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері іздеу иттерінің көмегімен 80 келіден астам заңсыз саудаланған есірткіні тәркіледі. Кинологиялық қызмет көрсету орталығында 13 қызметкер жұмыс істейді. Баланста - 25 төрт аяқты «детективтер».