$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайлық азамат екі бөлмелі пәтеріне 107 адамды тіркеген

Ескертуді тыңдаудың орнына, көші-қон қызметкерлерінің үстінен арызданып, ХҚКО қызметкерлерін балағаттай бастаған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қостанай қаласының тұрғыны екі бөлмелі пәтеріне 107 адамды тіркеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Аlau.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысының Полиция департаменті Көші-қон басқармасының басшысы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, қала тұрғынына бұның алдында бірнеше рет ескерту де жасалған.

«Оған тіркеу ережелерін бұзғаны туралы бірнеше рет ескерту жасалды. 107 адам тіркелген. Ал шын мәнінде онда бірнеше ғана адам тұрады. Бастапқыда 70 адамды, кейін одан да көп адамды тіркей бастады. Ескертуді тыңдаудың орнына, көші-қон қызметкерлерінің үстінен арызданып, ХҚКО қызметкерлерін балағаттай бастаған», - дейді Қайрат Дүтпаев.

Сол үшін пәтер иесіне 25 250 теңге айыппұл салынды. Бұл осымен екінші рет қайталанып отырған жағдай екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары