$ 442.05  474.14  4.74

«Иттік»: Нұр-Сұлтан тұрғыны елорда әкімдігіне шағымданды

Ал сіздердің осы "иттік" әрекеттеріңіз үшін кім жауап беруі керек? Осы жылы қар тазалау жұмысына тым салғырт қарап отырсыздар. Бұны "иттік" деп атаудан басқа амал қалмай отыр.

Нұр-Сұлтан тұрғыны жолдың бойына қар жинап қойған коммуналдық қызметтердің сапасына наразылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ер адам шағымын Facebook-тегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында қалдырды.

«Құрметті Нұр-Сұлтан әкімдігі! 

Сіз де осы мемлекеттің өкілісіз. Егер мен салықты, жалпы төлемдерді өтемесем,  менің есімді шығарасыздар ғой. Жеке сіз істемесеңіз де, мемлекет тарапынан шағым жасайтыны анық. 

Ал сіздердің осы "иттік" әрекеттеріңіз үшін кім жауап беруі керек? Осы жылы қар тазалау жұмысына тым салғырт қарап отырсыздар. Бұны "иттік" деп атаудан басқа амал қалмай отыр. 

Мен қар тазалау кезінде сіздің аумаққа лақтырып, жамандыққа барып жүрген жоқпын ғой. Сіздер неге тазалаған қарды менің үйімнің айналасына үйіп қойғансыздар?", - деп ашуланды Владимир Дмитрачков‎. 

Оның айтуынша, жолдың бойына тасталған қардың бәрі қатып қалған. Сонымен қатар, ер адам өзінің үйінен жолға дейін 5 метрдей аумақты қардан тазартып қойғанын айтады.

"Мен сізге келіп, барлық ауламдағы қарды сіздің алдыңызға үйіп кетсем, мені қарғайсыз ба? Жауабы анық қой. Дұрыс тазаламайтыныңыз бар, мүлде істемей-ақ қойыңыздар. Жолға, тіпті, 2 көлік әзер сыйып тұр, сіздердің кесірлеріңізден. Біз неге зардап шегуіміз керек?", - деді ол.

Жазбасында ол қардың Омаров көшесінде үйіліп тұрғанын, бір тәулік бойы оны жинауға құлықты адам, не көлік табылмағанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алғашқы қар