$ 448.56  478.03  4.79

«Құлақ естімей қалды»: Семейден Нұр-Сұлтанға емделуге келген қария вокзалда түнеуге мәжбүр (ВИДЕО)

Жүріп-тұрудан қалған егде жастағы қарттың басты проблемасы - баспана.

69 жастағы қария елорда вокзалында 8 жылдан бері тұрып жатыр. Денсаулығында кінәраты бар ақсақал Семейден Нұр-Сұлтанға келіп, ем алады. Басында баспанасы жоқ болғандықтан, вокзалда түнеуге мәжбүр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Астана арнасына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, алған зейнетақысын билетке жұмсайды екен. 1 айда - 8 билет, яғни барып-келу билеті. Ол "Нұрлы жол" вокзалындағы мүгедектерге арналған бөлмеде тұрып жатыр.

1 топтың мүгедегі Ерсайын Басекенов денсаулығына байланысты Нұр-Сұлтанда 2011 жылдан бастап емделіп жүр. Туыстары бар болғанымен, оған қараспайды. Екі аяғы протез, үлкен және кіші дәреті ұстамайтыны тағы бар. Вокзалдың кезекшілері бұл атаны 2 жылдан бері таниды. Тіпті, вокзалдан күтіп алып, шығарып салады екен. 

Вокзал қызметкерлерінің айтуынша, ақсақалды іздеп алып кететін адам жоқ. 

"Келе жатқанда звандайды бізге. Мен келе жатырмын балам деп. Сол кезде бір адам сол кісінің артында жүреді. Бір адамды бөлеміз. Тамақ ішуге, жуынуға барады. Барлығына көмектесетін вокзал кешенінің қызметкерлері. Ешқандай уақыт қойылмайды ол кісіге. Жұмысым бар дейді, билеті бар. Айына 7-8 рет келетін шығар", - деп мәлімдеді вокзал кешені басшының көмекші кезекшісі Бауыржан Медралы.

Ол басында баспана болмағандықтан, вокзалда, ауруханада түнейтінін айтты.

"2011-ден бастап мен ескі вокзалда болдым. Семей қаласында немесе басқа жерде дәрі-дәрмек, врачтардың емдеу качествосы бөлек. Сондықтан мен осында емделдім, жүрегіме операция жасалды. Стент қойды, сосын аяғыма протез салды", - деді І топ мүгедегі Ерсайын Басекенов.

Жүріп-тұрудан қалған егде жастағы қарттың басты проблемасы - баспана. 2016 жылы елордадағы үй кезегіне тұрғанын жеткізді. Қазіргі таңда кезегі 43 мыңнан 12 мыңға түскен.

"Жақын арада квартира бермейміз дейді. Мен айттым, егер сіздер дұрыс очередьке қойсаңдар, общий очередьке қоймай, уже давно 3-4 квартира алатын едім. Мен қазір жүре алмаймын. Көзім көрмей қалды. Ертең операцияға барайын деп отырмын көзіме. Давление бар, құлақ естімей қалды", - деп ағынан жарылды І топ мүгедегі Ерсайын Басекенов.

Алматы аудандық әкімдігі өкілдерінің бұл мәселеден хабары бар. Айтуынша, ол әкімдік ұсынған уақытша баспанада тұрудан бас тартқан. 

"Ерсайын Басекенұлының жалпы жағдайынан хабарымыз бар. Қазіргі таңда қалалық №4 емханасында емделіп жатқаны анықталды. Ол кісі тұрғын үй кезегіне тұрған жағдайда, өз кезегімен ғана ала алатындығын айта аламыз", - деді Алматы ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Аида Меңдібаева.

70-ке таяған қарияның әзірге үй кезегін күтуден басқа амалы жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары