$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы ұшақ апаты: Тоқаев қаза тапқандардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда орын алған жантүршігерлік ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Twitter-парақшасында қаза тапқан жандардың жақындарына көңіл айтты. 

"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", - деп жазды Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары