ҚР ІІМ мәліметінше Қазақстан азаматтығын алам деушілердің саны 2014 жылға қарағанда үш есеге азайған. Бұл туралы informБЮРО хабарлады.
2014 жылы ҚР азаматтығын 23 мың адам алса, 2015 жылы 8 мың адам қазақстандық болуға ниет білдірген.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 437 адам өзге елдің азамттығын алған. Ал, 2014 жылы елімізден 29 мың адам өзге елдерге қоныс аударған. 2015 жылы шет жұртқа 34 мың отандастарымыз қоныс аударған. Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылы елден 29 мың адам көшіп кеткен деп мәлімет берді.