$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жол ақысы 20 теңгеге қымбаттайтын болды

Шымкентте жолақысы 20 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуат Жұматаев мәлімдеді. Айтуынша, тарифтің көтерілуін «Южавтотранс» қауымдастының өкілдері талап етуде.

Көлікке қажетті қосалқы бөлшек бағасының қымбаттауы жолаушы тасымалдаумен айныласытын компаниялардың қалтасын қағып отырған көрінеді.

Енді 2016 жылдың сәуір айынан бастап шымкенттіктер қоғамдық көліктерде қазіргі 50 теңгенің орнына 70 теңге төлеп, қатынайтын болады. Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар автобустардың қызметін тегін пайдаланады. Бір қуантарлығы, студенттер үшін баға өзгеріссіз, 50 теңге күйінде қалады.

Otyrar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары