$ 494.87  520.65  4.91

Грузияда қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттайтын мейрамхана ашылды

Отанынан алыста болғандықтан, ұлттық тағамдарының дәмін сағынатыны түсінікті.

Тбилисиде қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Грузияда тұратын Қазақстан азаматтары бұл жаңалықты қуана қабылдап, әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Олар бұл мекен жырақта жүрген жерлестер бас қосатын орынға айналды деп жазуда.

Тбилисиде көптеген ұлт пен дін өкілдері тұрады. Отанынан алыста болғандықтан, ұлттық тағамдарының дәмін сағынатыны түсінікті. Қалада италиялық, украиналық және өзбек дәмханалары бар. Ал жақында ашылған қазақ мейрамханасында аспазшы болып грузин әйел жұмыс істейді.

«Ливандық, украиналық, грузиялық түрлі дәмханаларда жұмыс істедім. Қазақ мейрамханасы ашылатынын естіп, осында жұмысқа орналасуға келдім. Жаңа тағамдарды таны- білуді ұнатамын. Осында мені қазақ аспазшы үйретті. Бұл - Грузия тағамдарынан ерекше. Қой мен жылқы еті, жалпы, көп мөлшерде ет пен пияз салады. Маған ұнайды»,- дейді аспазшы Нино Куркунули.

Мейрамхананы Қазақстаннан келген үш жас кәсіпкер ашқан. Олар ұлттық тағамдарының дәмін сағынғандықтан, осындай қадамға барғандарын айтады. Грузияда кездеспейтін өнімді, мысалы, жылқы етін Қазақстаннан әкеледі.

«Бұл дәмхананы ең алдымен Грузияда тұратын қазақтар үшін аштық. Олардан басқа, жаңа тағамдарға қызыққан жергілікті тұрғындар көптеп келеді. Оларға қазақша ет пен бауырсақтар өте ұнайды. Мантыны өздерінің ұлттық тағамы - хинкалимен салыстырады. Ашылғанына екі-ақ ай өтсе де, мейрамхана табысты жұмыс істеп келеді», - дейді қазақ мейрамханасының иесі Еркеш Баймұхамбет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары