$ 444.32  473.33  4.76

Ақтау тұрғындары үшін көлігін гирляндымен безендірген азамат айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Виталий көлігіне қатысты жол-патрульдік полициясының реакциясын да айтып берді.

Ақтауда тұрғындарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын автокөлік пайда болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Виталий өзінің көлігін жарқыраған түрлі-түсті гирляндылармен безендіріп, тұрғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтауды жөн көрген. Бұл идея жол-патрульдік полициясы қызметкерінің ғана көңілінен шықпай қалғанға ұқсайды.

35 жастағы ер адам мереке кездерінде әрдайым көлігін безендіріп, қарапайым халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүргенді ұнатады екен. 

«Мәселен, биыл мен көлігімді 9 мамырға арнап сәндедім. Жаңа жылға келер болсақ, былтыр көлігімді мишурамен әрледім. Бірақ, биыл бұрынғыдан да ерекше еткім келгендіктен, көлігімді гирляндамен көмкеруді жөн көрдім. Көше орталарында қала тұрғындары жағымды пікірлерін жаудырып, көлігіммен суретке түсіп жатады. Менің басты мақсатым - адамдарға жаңажылдық көңіл-күй сыйлау", - деді көлік иесі.

Виталий көлігіне қатысты жол-патрульдік полициясының реакциясын да айтып берді. 

«Мені жолда полиция тоқтатты, құжаттарымды тексерді. Содан кейін олар басшыларынан "көшеде осылай жүруге бола ма, жоқ па?" деп сұрады, рұқсат алғаннан кейін мені жіберді. Ал кеше жол полициясының басқа қызметкерлері тоқтатып, көліктің артқы нөмірлерін алып тастады және 12 АЕК (30 300 теңге) айыппұл салды. Егер мен жылдың аяғына дейін төлесем, онда 6 АЕК болады. Мүмкін, олардың көңіл-күйлері болмаған шығар", - дейді Виталий.

Ол альпинист болып жұмыс істейді. Келіншегі және бір қызы бар. Жанұясы болмашы қиындыққа мойымауды ұсынып, қолдау көрсетіп жүр.

«Менің әйелім қолдау көрсетіп, бәрі жақсы болатынын айтты. Кішкентай қызым да "жаңа жылда неге сізді полицейлер қолдамады?" деді. Бұған мен түк те ренжімедім. Барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!», - дейді ол.

Айтпақшы, Виталий мерекеге арнап темір тұлпарын безендірген жалғыз жүргізуші емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары