Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар өздеріне мерекелік көңіл-күй сыйлап жүр. Еріктілер елорданың орталығына ерекше тоқылған шырша орнатты, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ал Қарағанды мен Павлодарда жаңа жылдық автобустар мен трамвайлар қатынай бастады. Кондукторлар жолаушыларға билеттердің орнына сыйлықтар беріп жатыр.
Өскемендіктер жас аналарды қуантуды шешіпті. Олар жаңа туған сәбилерге Аяз Ата костюмдерін сыйға тартты.
Қазақстанның бес қаласынан келген 50-ге жуық адам құрақ көрпе стиліндегі ерекше шыршаны тоқыды. Шыршаға 2 келі түрлі-түсті жіп кетіп, 100 қол жұмылдырылған. Биіктігі - 3,5 метр.
Еріктілермен қатар, ерекше шырша жанынан өтіп бара жатқан тұрғындар да оның безендірілуіне атсалысты.