01.01.2020, 17:20

Полиция жаңажылдық мейрам кезінде ең көп ұрланатын 5 затты атады

фото: pixabay.com
Полиция өкілдері Жаңа жылда ұсталған ұрыларды бірден абақтыға жабуға асықпайтынын мойындады.

Прага полициясы жаңажылдық мейрам кезінде дүкендерден жиі қолды болатын заттарды атады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ұрылар көбіне сөредегі ішімдіктер мен косметикалық бұйымдарға қол салады екен Жаңа жыл мерекесінде Чехияда сауда қыза түседі. Алайда ұрлық да жиілеп, одан келген шығын көлемі өседі. Прагадағы зерттеулер орталығы сарапшыларының болжауынша, бұл жолы осы көрсеткіш 700 миллион еуроға жетеді. 

"Сауда орындарындағы шығынның 60% пайызы сырттан келген ұрылардың үлесіне тиеді. Кейде тауар жеткізушілер түрлі айлаға барып, дүкендерді шығынға батырады. Өкінішке орай, айлакерлер мейрамды заңсыз пайда табу үшін қолданады", - деді дүкендер желісінің менеджері Анжэй Вдонька.

Сараптама жүргізген Прага полициясы ең жиі ұрланатын затты анықтады. Ол шоколад өнімдері екен. Сондай-ақ қант пен сүтті тәттілер де жиі қолды болады.

"Мейрамда ішімдіктер мен опа-далап көп ұрланады. Сондай-ақ соңғы кезде электр ұстаралар жиі жоғалатын болды", - дейді маркетолог Никола Белявский.

Полиция өкілдері Жаңа жылда ұсталған ұрыларды бірден абақтыға жабуға асықпайтынын мойындады. Өйткені осындай ұятты қылықтардың 60% пайызын ішімдік ұрттаған қарапайым тұрғындар жасайды екен. Алайда, әккі ұрылар мен айлакерлер сот алдында жауапқа тартылады.